20.09.2023 жылы Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебінде өскелең ұрпақтың құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы мүшелерінің қатсуымен мектепшілік слет өтті. Оқушылар екі топқа бөлініп, берілген тапсырмаларды орындады. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты бейнеролик көрсетіліп, тақырып туралы өз ойларын ортаға салды. Бөлшек суреттерден “Біз жемқорлыққа қарсымыз!” тақырыбында суреттер құрастырып,ситуациялық сұрақтарға жауап берді. Шара соңын оқушыларымыз “Қазіргі таңда қоғамымызға қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып жатыр. Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда. Еліміздің өркениетін дамытқысы келетін, өз ортасын құрметтейтін әрбі азамат мемлекеттің ішіндегі тәртіпті белгілі бір жүйеге келтіруге, ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі және оның алдындағы басты парызы. Қоғаммен бірге өркендеп, етек жайып, етене сіңісіп келе жатқан бұл кеселдің тереңнен құлаш жаймауына өз үлесімізді қосу және оған тосқауыл болу-біздің басты міндетіміз.” - деп өз ойларын білдіріп қортындылады. @obrazovanie_gorod_aktobe #сыбайласжемқорлыққақарсымыз2023
№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | Закон о ПК | |
2 | Правила поощрения | |
3 | Концепция | docx |
4 | Правила поощрения - русс | |
5 | Закон о ПК - русс | |
6 | Концепция - русс | docx |
16.01.2023 жылы Ақтөбе қаласының № 4 жалпы білім беретін орта мектебінде педагогикалық ұжымды Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің ағымдағы жылдың 7 қаңтарындағы № 6 — 11 — 6/42 - И хатымен берілген Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылдың 2 ақпанындағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын директордың ғылыми- әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Узакпаева Алмагуль Муратовна таныстырды. Макешева А.С, Берғалиева Ф.О, Жакибаева А.З тарапынан қойылған сұрақтар талқыланып, тиісті жауаптар берілді. @obrazovanie_gorod_aktobe #сыбайласжемқорлыққажолжоқ #сыбайласжемқорлыққақарсыкүрес @antikorraktobe
«Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебінде "Адалдық дүкені" жұмыс жасауда. "Сыбайлас жемқолыққа қарсы күрес", "Парасатты азамат" бұрышы жасақталған»