“Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебі” КММ
0
Қазақ халқының асыл мұрасы - күй өнері

Қазақ халқының асыл мұрасы - күй өнері. Өз заманында жарыққа шыққан қазақ күйлері халықтың күнделікті өмірімен біте қайнасып, біздің заманымызға жетті. Халқымыз жан сарайының көңіл күйі мен асыл арманын, қоғамға деген көзқарасын домбыраның қос ішегі арқылы жеткізе білді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев : «Қасиетті Наурыз - амандық, бірлік, мейірімділік пен өзара сыйластық мерекесі» «Біздің халқымыздың рухын көтеретін домбыраға әр үйде құрметті орын берілген. Домбыра - қазақ халқының жаны» - деген болатын.Осыған орай, бүгін еліміздің барлық білім беру ұйымдарында бір уақытта ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған «КҮЙ КҮМБІРІ» атты республикалық домбырашылар челленджі өтті.Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебінің ұстаздары мен оқушылары қатысып, Құрманғазының "Ерке сылқым" күйін орындады.Ұлттық өнерді ұлықтайық! Ұлыстың ұлы күні - Наурыз құтты болсын!