“Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебі” КММ
0
“Мектебім - мейірім мекені”

Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебінде 1 қыркүйек білім күніне орай “Мектебім - мейірім мекені” тақырыбында алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді.

Салтанатты жиынның құрметті қонағы:

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы директорының орынбасары - Халетова Дина Кашкимбаевна;

Ақтөбе облысы полиция департаменті анықтау басқарма бастығының орынбасары - Самат Керейханович Рахманов қатысты.

Мектеп директоры А.Тулегенов пен құрметті қонақтарымыз ата - аналарға, биылғы мектеп біруші түлектерге және мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған 1 класс оқушыларына жүрек жарды тілектерін білдірді.

Салтанатты жиын соңы “Мектебім - мейірім мекені” республикалық тәрбие сағатымен жалғасты.

Оқушыларымыздың оқуда озат болып, мектебіміздің мақтанышы, дарынды шәкірттері болуларына тілектеспіз. Барлық ізгі армандарыңыз орындалып, егеменді еліміздің білікті азаматтары мен азаматшалары болып өсе беріңіздер!