“Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебі” КММ
0
“Менің Отаным - Қазақстан!”

2024 - 2025 оқу жылының алғашқы сынып сағаты 2 қыркүйек күні 1 - 11 кластар аралығында “Менің Отаным - Қазақстан!” тақырыбында өткізілді.

Сынып сағатының басты мақсаты - оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімін оятып, еліміздің бай тарихы мен мәдени мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу болды.

Сынып жетекшілер еліміздің жетістіктері, тәуелсіздік жолындағы маңызды кезеңдер туралы айтып, оқушылармен бірге Қазақстанның болашағы туралы пікір алмасып, патриоттық рухты нығайтатын әңгімелер өрбітті.

Мемлекет басшысы тоқталып өткен құндылықтарды бойына сіңіріп, Отанымыздың жарқын болашағы үшін аянбай еңбек етуге шақырды.

Сынып сағатының соңғы 10 минутында қауіпсіздік шарасы мен ережелерімен таныстыру жұмыстары жүргізілді.