“Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебі” КММ
0
“Тілім менің ғасырларға аманат”

Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебінде 5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күніне арналған және қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай “Тілім менің ғасырларға аманат” тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Шараның құрметті қонақтары:
Елеусинова Гулим Елеусиновна -
Доцент, педагогика ғылымдарының кандидаты;
Толочко Владислав Иванович -
“Ассамблея Жастары” ЖК - ның төраға орынбасары,
«Жастар Рухы» Жастар қанатының Ақтөбе қалалық бөлімшесінің жетекшісі;
Сагадатов Райбек Телжанович - “4К” дебат клубының жетекшісі қатысты.
Ғалым, ұстаз “Ахмет феномені” мақаласының авторы Гулим Елеусиновна оқушыларға Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы тың деректермен, құнды мағұлматтармен бөлісті.
Владислав Иванович қазақ тілін үйренудегі қызықты сәттерін еске алды. Қазақ тілін үйрену арқылы көп деген жетістіктерге жеткенін айтып өтті.
Дебат клубының жетекшісі қазақ тілінің қазіргі қоғамда, әлемде трендте екенін айтып, жалынды жастар барда қазақ тілінің мәңгі жасайтынына сенім білдірді.
Шара соңында ұстаз, ғалым Гулим Елеусиновна оқушыларға кітап сыйлап, әрдайым білімнің биік шыңынан көрінуіне тілек білдірді.
Әр ұлттың өз ана тілі бар. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Әр адамның өз тіліне деген құрметін өз ұлтына, Отанына деген құрмет деп білу керек.