06.09.2024 жылы Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Ақтөбе қаласы ПБ Астана ауданы №2 ҚПБ анықтау бөлімшесінің бастығы полиция капитаны Бақтығали Бақыт Сламғалиұлы мен Ақтөбе қаласы ПБ Астана ауданы №2 ҚПБ жергілікті полиция инспекторы полиция капитаны Орынбасаров Дастан Алтынбекович “Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық” тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында зорлық - зомбылыққа және синтетикалық есірткіге байланысты ақпараттармен бөлісіп, синтетикалық есірткімен ұсталған жасөспірімдерге қолданылатын жаза түрлеріне тоқталды. Сонымен қатар бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу,кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне (зорлық - зомбылық, қорқыту, ақша талап ету) жол бермеу керек екендігін айтып өтті.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары оқушыларды мектептің ішкі тәртіп ережелерімен таныстырды.
Қорытындылай келе әр азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау, өзіне жүктелген міндетін орындау.
Заңның ең басты мақсаттарының бірі - қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Заңды білмеу, оны бұзу - жауапкершіліктен құтқармайтынын оқушыларымыз жақсы түсінді.
"Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық"