“Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебі” КММ
0
«Тәрбие басы - отбасы»

Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебінде Отбасы күніне орай «Тәрбие басы - отбасы» атты отбасылық спорттық эстафеталық сайыс өтті.
Отбасылық сайысқа 3,4,5 сыныптар арасынан 4 отбасы қатысып, 5 - кезең бойынша бақ сынасты.
Бүгінгі сайысқа қатысушылар:
«Неудержимые» командасы - Құттыбаевтар отбасы;
«Белый холм» командасы - Тулеубаевтар отбасы;
 «Сұңқар» тобы Сырабаевтар отбасы;
«Жас Қыран» тобы Дуржановтар отбасы.
Сайыс қызықты да, тартысты өтті. Сайыс қортындысы бойынша
3 орын - «Сүйкімді отбасы» номинациясымен Тулеубаевтар отбасы;
3 орын - «Мерейлі отбасы» номинациясымен Құттыбаевтар отбасы;
2 орын - «Ұйымшыл отбасы» номинациясымен Дуржановтар отбасы;
1 орын - «Үлгілі отбасы» номинациясымен Сырабаевтар отбасы марапатталды. Сайысқа қатысқан отбасылардың барлығына дипломдар мен ынталандыру сыйлықтары табыс етілді. Ата - аналар барша отандастарды отбасы күнімен құтықтап, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.