“Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебі” КММ
0
“Отбасылық әл - ауқат”

Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебінде Отбасы күніне орай “Отбасылық әл - ауқат” шарасы аясында мектебіміздегі көпбалалы екі отбасыға “Ақтөбе гарнизоны әскери полиция бөлімінің” ұжымы жалпы құны 60 000 тг көлемінде көмек көрсетті.
Демеушілік танытып, көмек көрсеткен тұлғаларға ата - аналар мен мектеп ұжымы атынан алғыс білдіреміз.
Ел еңсесін биіктеткен осындай мерейлі істер жаңа көк жиектерге бастай берсін, ата - бабамыздан мұра болып қалған қайырымдылық пен жомарттық болашақта да өз қадірін жоймаса екен, балаға жасаған жақсылық - өзімізге жасаған жақсылық деп білейік!