“Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебі” КММ
0
“Мектеп қауіпсіздігі”

Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебінде Ақтөбе қаласының төтенше жағдайлар басқармасының 12.09.2024 жылғы №01 - 04 - 19 - 5/1100 - И хатына сәйкес, 16 - 20 қыркүйек аралығында “Мектеп қауіпсіздігі” атты өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған эвакуациялық жаттығу өткізілді.
Мақсаты:
Өрт және төтенше жағдайлар кезінде адамдарды мектеп ғимаратынан эвакуациялау дағдыларын жетілдіру.
Өрт дабылы бойынша мектеп ғимаратынан оқушыларды, оқытушыларды, техникалық персоналды дереу эвакуациялауды жүргізу. Эвакуациялау кезінде дыбыстық құлақтандыру жүйесін пайдалану.
№4 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері оқушыларымызға өрт жағдайында дұрыс шешімдерді тез табуды, эвакуацияны ұжымдық жүргізуді, өрт сөндіру бойынша жұмыс, өрт сөндіру құралдарын дұрыс қолдану дағдыларын түсіндірді.