Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында полиция басқармасының дәрістер өткізу жоспарына сәйкес Ақтөбе облысы полиция департаменті анықтау басқарма бастығының орынбасары - Рахманов Самат Керейханович “Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық” тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында зорлық - зомбылыққа және синтетикалық есірткіге байланысты ақпараттармен бөлісіп, синтетикалық есірткімен ұсталған жасөспірімдерге қолданылатын жаза түрлеріне тоқталды. Сонымен қатар бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу,кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне (зорлық - зомбылық, қорқыту, ақша талап ету) жол бермеу керек екендігін айтып өтті.
Қорытындылай келе әр азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау, өзіне жүктелген міндетін орындау.
Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Заңды білмеу, оны бұзу - жауапкершіліктен құтқармайтынын оқушыларымыз жақсы түсінді.
“Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық”