“Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебі” КММ
0
"Тазалық денсаулық кепілі"

2024 жылдың 20 қыркүйек күні №4 орта мектебінде "Қызғалдақ" қыздар ұйымының "Тазалық денсаулық кепілі" тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді. Жиналыс 6 - 7 сынып қыз оқушылардың арасында жүргізілді. Жиналысқа №6 қалалық емхана дәрігері Р. Нурбековна, мектеп психологі А. Амиргалиева, мектеп тәлімгері А. Мураталиева қатысты.
Мақсаты: "Қыз баланы тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз" қағидасымен қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс - қимыл, жүріс - тұрыс дағдысы, қыз намысы, ары, сымбаты туралы жан - жақты мағлұмат беру; Қыз алдында қоғамның, елдің, ұлттың болашағы үшін үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын ұғындыру.
Қыздар жиналысында қыз балалар әдебі, гигиенасы, тәртібі мен мектеп формасын сақтау жөнінде айтылды.Қыз балалар ұлтымыздың мақтанышы мен ар - намысы екенін айта келе, ибалы, иманды, салт - дәстүр мен әдет ғұрпын сақтауда ерекше орны бар екенін атап өтілді. Тәртіпті, мәдениетті ,мектептің ішкі тәртіп ережесін сақтай отырып,  тәрбиелі болумен қатар білімді болу керектігіне тоқталды.