“Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебі” КММ
0
«Дублёр күні»

Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебінде Мұғалімдер күніне арналған мектептердегі білім алушылардың өзін - өзі басқару «Дублёр күні» күнін өткізу ережелері мен мақсатын, міндеттерін, өткізу тәртібін 10,11 сынып оқушыларына түсіндіру мақсатында жиын өткізілді.
Мақсаты: балалар мен ересектердің бірлескен қызметін ұйымдастыру арқылы мектеп оқушыларының әлеуметтік - құзыретті тұлғасын дамыту үшін жағдайлар жасау.
Дублёр күнінің міндеттері:
білім алушыларды белсенді қоғамдық өмірге және мектепті басқару қызметіне тарту;
білім алушылардың қоғамдық іс - шараларды ұйымдастыру және өткізу тәжірибесін, білім алушылардың көшбасшылық қабілеттерін қалыптастыру;
барлық параллель сыныптардың білім алушылары арасындағы достықты нығайту;
білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін, коммуникативтік қарым - қатынас дағдыларын дамыту;
білім алушылардың бойына жауапкершілік сезімін, бір - біріне дұрыс қарым - қатынасты, өзара қарым - қатынастың іскерлік стилін тәрбиелеу;
 білім алушылардың көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесін дамыту;
білім беру үдерісінің кері байланысының жаңа нысандарын ұйымдастыру, білім алушылар мен педагогтердің мектептегі білім беру үдерісінің жай - күйін кешенді бағалау.