Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебінде Ұстаздар мерекесіне орай мұғалімдер мен оқушылардың қатысуымен “Екі жұлдыз” ән байқауы ұйымдастылды.
Ән байқауына 5 жұп қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
Өнер додасының басында мектеп директоры ұстаздарды төл мерекемен құттықтап,алғыс хаттармен марапаттады.
Байқауға қатысушы жұптар 2 кезең бойынша өнер көрсетіп, бақ сынасты.
І кезең - Ұстаз, мектеп тақырыбындағы әндерді жанды дауыста шырқау;
ІІ кезең - Заманауи және ескі әндерге пародия жасау.
Қазылар алқасының шешімімен “Екі жұлдыз” ән байқауының қорытындысы:
“Талантты жұп” номинациясы - мек психологы Амиргалиева Асылгүл, 6 ”в” класс оқушысы Исмагулов Бакытжан;
“Өнерлі жұп” номинациясы - биология пәні Қожақова Шынар, 5 ”а” класс оқушысы Мақсат Аягөз;
3 орын - дене шынықтыру пәні мұғалімі Аюпов Есімжан, 6 ”а” класс оқушы Дүсүпова Аружан;
2 орын - биология пәні мұғалімі Нажимова Мөлдір, 7 ”а” класс оқушысы Иван Арсен;
1 орын - АӘТД пәні мұғалімі Оразай Жансен, 9 ”б” класс оқушысы Аширбеков Дулат.
Барлық өнер көрсеткен жұптарға
“Екі жұлдыз” статуэткалары табысталып, ДИПЛОМдармен марапатталды.
Байқауға қатысқан мұғалімдерге, оқушыларға алғыс білдіреміз.
Жұлдыздарыңыз жарқырай берсін!
“Екі жұлдыз”