“Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебі” КММ
0
Мақала лагерь

№ 4 жалпы білім беретін мектеп базасында биыл ең бірінші рет «Балдәурен» мектеп жанындағы жазғы лагері ашылды. Бұл лагерьде І маусымда жеңілдік санатындағы 25 отбасыларының балалары демалды.


Мектеп бойынша 39 оқушы жеңілдік санатында ие болды.


Оның ішінде аз қамтылған, толық емес отбасы, көп балалы отбасы балалары бар.


Жыл бойына осы санаттағы балалар бюджет есебінен 311 мың теңгеге ,ыстық тамақ, мектеп формасы, қысқы киімдер ,оқулықтар мен қамтылды және қомқорлық акциясы аясында жыл сайын демеушілер есебінен оқу құралдар, кітаптар беріледі.Бұл балалармызға тегін бассейнге бару, театрларға апару,түрлі саяхаттар ұйымдастырылған. Биыл бюджет есебінен 152 мың теңгеге қала сыртындағы лагерге 9 оқушымыз демалысқа жіберілді. Бір отбасыға әскери полиция бөлімі «Туған елге тағзым» атты акциясы аясында демеушілік көмек көрсетті.


Мектеп жанындағы « Балдәурен лагерінде баллардың демалуына барлық жағдай жасалды.Мектеп ауласына балаларға ватут қойылды.Ұлдар бөлек қыздарға бөлек жатын бөлме, ойын бөлмесі, кино зал жасақталды. Барлық шаралар Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналып ұйымдастырлуда сонымен қатар ағылшын тілінде сабақтар ойын түрінде ұйымдастырылды. Балалар үш мезгіл тамақтанады.


Сонымен қатар біздің мектебімізде ІІІ маусымда балалар алаңы балалар тегін демалуда әр маусымда 30 баладан қамтылған. 6,7,8,10 класс оқушылары еңбек тәжірибе лагерінде гүл суару, көкіністер өсірумен айналысады. «Мектепке жол» акциясы аясында да көмекке мұқтаж отбасы балаларына демеушілер есебінен мектеп формасы, оқу құралдары берілуде.