“Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебі” КММ
0
14 наурыз - "Көрісу күні" аталып өтті

"Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" мақаласында Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасын әзірлеп, көктем мерекесінің мазмұнын байытуды  тапсырған. Наурыз мейрамы 14-23 наурыз аралығында атап өтіледі.

Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебінде 14 наурыз - "Көрісу күні" аталып өтті. Оқушыларға көрісу немесе амал мерекесі дегеніміз не? Қалай көрісу керек? Міне осы сұрақтар жөнінен кеңінен түсіндірілді. Барлық кластарға ашық тәрбие сағаты өткізілді.