“Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебі” КММ
0
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ағымдағы жылдың 25-29 қыркүйек күндері аралығында мемлекеттік және жеке мектептерде оқу-жаттығу ұйымдастыру жоспарына сәйкес Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебінде ҚР Төтенше жағдайлар мин
?Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ағымдағы жылдың 25-29 қыркүйек күндері аралығында мемлекеттік және жеке мектептерде оқу-жаттығу ұйымдастыру жоспарына сәйкес Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебінде ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 9 маусымдағы №276 бұйрығы негізінде өрт қауіпсіздігі шараларын оқыту бойынша №4 өрт сөндіру бөлімінің қатысуымен эвакуациялау жаттығулары өткізілді. ⚜️Мақсаты: ?Өрт және төтенше жағдайлар кезінде адамдарды мектеп ғимаратынан эвакуациялау дағдыларын жетілдіру. ?Өрт дабылы бойынша мектеп ғимаратынан оқушыларды, оқытушыларды, техникалық персоналды дереу эвакуациялауды жүргізу. ?Эвакуациялау кезінде дыбыстық құлақтандыру жүйесін пайдалану. №4 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері оқушыларымызға өрт жағдайында дұрыс шешімдерді тез табуды, эвакуацияны ұжымдық жүргізуді, өрт сөндіру бойынша жұмыс, өрт сөндіру құралдарын дұрыс қолдану дағдыларын түсіндірді. @aqtobe_akimat @astana_audany_akimdigi @bilim_akimat @obrazovanie_gorod_aktobe @uchs_aktobe