Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебінде Мұғалімдер күніне арналған “Ұстаз - ұлы тұлға” атты мерекелік кеш өтті. Кеш барысында оқушыларымыз мұғалімдерге әуезді әсем ән шырқап, өз өнерлерін көрсетті.
05.10.2023 жылы Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебінде Мұғалімдер күніне арналған “Ұстаз - ұлы тұлға” атты мерекелік кеш өтті.
Кеш барысында оқушыларымыз мұғалімдерге әуезді әсем ән шырқап, өз өнерлерін көрсетті.
Ұстаз-шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау-адамгершіліктің белгісі.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
#ұстазұлытұлға
#мұғалімдеркүні