Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебінде сынып жетекшілер бірлестігінің отырысы өтті.
08.09.2023 жылы Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебінде сынып жетекшілер бірлестігінің отырысы өтті.
Мектеп директоры А.Тулегенов және директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Макешова, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Ф.Берғалиева, Қ.Қойшыбаев және барлық сынып жетекшілер қатысты.
Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
?Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру бойынша түсіндіру;
?«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша мектепішілік тәрбие жоспары мен сынып жетекшілердің тәрбие жоспарын құру үлгісі туралы;
?Оқушылардың спорт секциялары және үйірмелермен қамтылуы.
? «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» сынып жетекшілер ата-аналарға түсіндіру, жеткізу жұмыстары
«Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.
Отырыс барысында түсінік хат, мақсат пен міндет, күтілетін нәтижеге, ұлттық құндылықтар: ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ, АР-ҰЯТ, ТАЛАП, бағдарлама аясында жүзеге асырылатын жобалар, тәрбиенің кешенді жоспарын іске асыруда балалардың жас ерекшеліктерін ескеруде берілетін ұсынымдар талқыланды.
@medetbekovameruert
@oqu_agartu_ministrligi
@gani.beisembayev
@obrazovanie_gorod_aktobe
@aqtobe_bilim_basqarmasy
#біртұтас_тәрбие