
Ақтөбе қаласының ?№4 жалпы білім беретін орта мектебінде ?️20.09.2023 жылы мектеп ұжымының қатысуымен өндірістік кеңес? өткізілді.
Ақтөбе қаласының ?№4 жалпы білім беретін орта мектебінде ?️20.09.2023 жылы мектеп ұжымының қатысуымен өндірістік кеңес? өткізілді.
Күн тәртібінде:?
1️⃣)Білім class электронды журналымен жұмыс;
2️⃣)Мектептің жұмыс жоспары бойынша пәндік зерделеу уақыттарымен таныстыру;
3️⃣)Құқықбұзушылықтың алдын алу;
4️⃣) “Терроризм актісі орын алған жағдайда жүріс-тұрыс пен іс-қимыл” түсіндіру жұмысы
5️⃣) Девиантты мінез-құлық;
6️⃣) Әртүрлі мәселелер қаралды.
Білім class ?электронды журналын толтыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А.Узакпаева мектептің жұмыс жоспары, пәндік зерделеу уақыттары, өзара сабаққа қатысым бойынша тоқталып өтті.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ф.Берғалиева құқықбұзушылықтың алдын алу, кешкі мезгілде ата-анасының қарауынсыз жүрген оқушылардың ата-аналарына салынатын әкімшілік айыппұлдар, сабақтан себепсіз қалмау, қаламызда орын алған жасөспірімдердің қатысуымен болып жатқан жол-көлік оқиғаларына тоқталып, жолда жүру ережелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды.
Мектеп психологы девиантты мінез-құлықтың алдын алу бойынша сынып жетекшілерге оқушылармен қарым-қатынас жасаудағы психологиялық кеңестерін ұсынды. @obrazovanie_gorod_aktobe @#өндірістіккеңес
