
Мұғалімдер күніне арналған мектептердегі білім алушылардың өзін-өзі басқару «Дублёр күні» күнін өткізу ережелері мен мақсатын, міндеттерін, өткізу тәртібін 10,11 сынып оқушыларына түсіндіру мақсатында жиын өткізілді.
25.09.2023 жылы Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебінде Мұғалімдер күніне арналған мектептердегі білім алушылардың өзін-өзі басқару «Дублёр күні» күнін өткізу ережелері мен мақсатын, міндеттерін, өткізу тәртібін 10,11 сынып оқушыларына түсіндіру мақсатында жиын өткізілді.
☑️Мақсаты: балалар мен ересектердің бірлескен қызметін ұйымдастыру арқылы мектеп оқушыларының әлеуметтік-құзыретті тұлғасын дамыту үшін жағдайлар жасау.
☑️ Дублёр күнінің міндеттері:
? білім алушыларды белсенді қоғамдық өмірге және мектепті басқару қызметіне тарту;
? білім алушылардың қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәжірибесін, білім алушылардың көшбасшылық қабілеттерін қалыптастыру;
? барлық параллель сыныптардың білім алушылары арасындағы достықты нығайту;
? білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін, коммуникативтік қарым-қатынас дағдыларын дамыту;
? білім алушылардың бойына жауапкершілік сезімін, бір-біріне дұрыс қарым-қатынасты, өзара қарым-қатынастың іскерлік стилін тәрбиелеу;
? білім алушылардың көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесін дамыту;
? білім беру үдерісінің кері байланысының жаңа нысандарын ұйымдастыру, білім алушылар мен педагогтердің мектептегі білім беру үдерісінің жай-күйін кешенді бағалау.
@obrazovanie_gorod_aktobe
#дублёркүні
