С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасымен бірлесіп, “Оқуға құштар мектеп”? жобасы аясында белгілі жазушы, драматург Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл толуына орай “Оралханның ойлы дүниелері...” ? атты танымдық сағат өтті.
27.09.2023 жылы Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебі ?С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасымен бірлесіп, “Оқуға құштар мектеп”? жобасы аясында белгілі жазушы, драматург Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл толуына орай “Оралханның ойлы дүниелері...” ? атты танымдық сағат өтті.
Танымдық сағат барысында кітапханашы маман Азаткул Жасұланқызы оқушыларымызға Оралхан Бөкейдің өмір жолы мен шығармашылығы туралы кеңінен тоқталып, арнайы бейнеролик көрсетті.
Жазушының Алтайдай асқақ, оның құзар шыңдарындай биік шығармаларының мазмұнына тоқталды. Кері байланыс ретінде қойылған викториналық сұрақтарға оқушыларымыз белсенді жауап берді.
Танымдық сағат соңында С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының басшысы Г. Қалдина мектеп директорының АЛҒЫС ХАТЫмен марапатталды.
“Алтайдың Кербұғысы” атанған ерекше дарын иесінің шығармашылық жолы, азаматтық ұстанымы және қайраткерлік қасиеті - жастарға әрдайым үлгі-өнеге. Оның мол әдеби мұрасы әлі талай ұрпаққа рухани азық бола беретіні сөзсіз.
@obrazovanie_gorod_aktobe
@bilim_basqarmasy_aqtobe @zhienbaev_kitaphanasy @oqu_agartu_ministrligi
#оқуғақұштармектеп
#ОралханБөкей80жыл