
2 қазан күні Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебінің 1-4 класс оқушыларына «Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасы аясында «Жолда жүру ережелері» тақырыбында Ақтөбе қаласы Полиция басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен түсіндірме жұмыстары ө
2 қазан күні Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебінің 1-4 класс оқушыларына «Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасы аясында «Жолда жүру ережелері» тақырыбында Ақтөбе қаласы Полиция басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен түсіндірме жұмыстары өткізілді.
Мақсаты:
- оқушыларға жолда жүру ережесі туралы білім қалыптастыру;
- жолда абайлап жүруді үйрету;
- көшеде жүру ережесімен таныстыра отырып, жолда жүру мәдениетін үйрету;
- сақтыққа тәрбиелеу.
Дәл осындай акциялар өз кезегінде жолда жүру мәдениеті мен ережелерін сақтауға септігін тигізеді.
@obrazovanie_gorod_aktobe
