“Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебі” КММ
0
Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебінде елімізде болып жатырған жасөспірімдер арасындағы оқиғаларға байланысты мектеп әкімшілігі мен мектеп инспекторы 9-11 кл ер балалары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
20.10.2023 жылы Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебінде елімізде болып жатырған жасөспірімдер арасындағы оқиғаларға байланысты мектеп әкімшілігі мен мектеп инспекторы 9-11 кл ер балалары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Директорыдың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Қ.Қойшыбаев пен Ф.Берғалиева қазіргі таңда жасөспірімдер арасындағы өршіп тұрған қылмыс түрлеріне тоқталып, оқушыларға құқықбұзушылықтардан сақ болуды ескертті. Сонымен қатар мектеп инспекторы А. Мухамбетказина ?‍♀ және Ақтөбе қаласы ПБ Астана аудандық N2 қалалық полиция бөлімінің қызметкері Н.Искалиев ?‍♂ жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтар: ұрлық, кешкі мезгілде заңды өкілінсіз жүрмеу, ұсақ бұзақылықтар, жасөспірімдер арасында жәбірлеу жағдайларына және топтық төбелес, буллинг, кешкі мезгілде заңды өкілсіз ойын-сауық орталықтарында сағат 22:00-ден кейін, көшеде сағат 23:00-ден кейін жүруге тыйым салынатыны ескертіліп, заң бойынша қолданылатын жаза түрлеріне тоқталды. Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары "Біртұтас тәрбие бағдарламасының" жоспарына сәйкес "Ар-ұят құндылығы" бойынша жүргізілді. Міндеттері: - Әдеп нормаларын ұстану; - Шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну; - Достарына, сыныптастарына, отбасы мүшелеріне қамқор болу, мейірімділік таныту; - Өзін отбасының, сыныптың, мектептің, қоғамның, Отанның бірмүшесі екенін сезіну. Күтілетін нәтижесі: - Сөзіне берік, ісіне жауапкершілік танытады; - Достарын, сыныптастарын сыйлайды; - Кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетеді. #құқықбұзушылықтыңалдыналу