Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебінде өскелең ұрпақтың құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы мүшелерінің қатсуымен мектепшілік слет өтті.
20.09.2023 жылы Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебінде өскелең ұрпақтың құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы мүшелерінің қатсуымен мектепшілік слет өтті.
Оқушылар екі топқа бөлініп, берілген тапсырмаларды орындады. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты бейнеролик көрсетіліп, тақырып туралы өз ойларын ортаға салды. Бөлшек суреттерден “Біз жемқорлыққа қарсымыз!” тақырыбында суреттер құрастырып,ситуациялық сұрақтарға жауап берді.
Шара соңын оқушыларымыз
“Қазіргі таңда қоғамымызға қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып жатыр. Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда. Еліміздің өркениетін дамытқысы келетін, өз ортасын құрметтейтін әрбі азамат мемлекеттің ішіндегі тәртіпті белгілі бір жүйеге келтіруге, ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі және оның алдындағы басты парызы. Қоғаммен бірге өркендеп, етек жайып, етене сіңісіп келе жатқан бұл кеселдің тереңнен құлаш жаймауына өз үлесімізді қосу және оған тосқауыл болу-біздің басты міндетіміз.” - деп өз ойларын білдіріп қортындылады.
@obrazovanie_gorod_aktobe
#сыбайласжемқорлыққақарсымыз2023