Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебінде “Қыз қылығымен көрікті” тақырыбында қыз сыны сайысы өтті.
Сайысқа 5 қыз қатысып,
⚜«Мен қазақтың қызымын» таныстыру;
⚜«Білімді мыңды жығар...» сұраққа жауап беру;
⚜Ас мәзірі;
⚜Шаш өру;
⚜ Қолөнер;
⚜Сән үлгісі (ұлттық киім) кезеңдері бойынша бақтарын сынады.
Қазылар алқасы сайысқа төрелік етіп, әділ шешім қабылдады. Сайыс қортындысы бойынша
“Өнерлі ару” номинациясымен 6 “а” класс оқушысы Абай Алтынай,
“Көрермен көзайымы” номинациясымен 6 “а” класс оқушысы Құттыбаева Нейла,
3 орын - 8 “б” класс оқушысы Ниеталина Адина,
2орын - 6 “а” класс оқушысы Байменше Жасмин,
1орын - 11 “а” класс оқушысы Аймұратова Жаннұр марапатталды.
Қыз – елдің көркі, ердің намысы. Қыз баланы тәрбиелей отырып ұлттың болашағын тәрбиелейміз.
Қыздарымызға қолдау білдірген ата-аналарға, сынып жетекшілерге алғыс білдіреміз.