Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебінде 8 наурыз - Халық аралық әйелдер күні мерекесіне орай ер азаматтардың, “Өзін-өзі басқару” ұйымының мүшелерінің ұйымдастыруымен “Арулар, асыл жандар... ” атты мерекелік кеш өтті.
Кеш барысында мектебіміздің мақтаныштары “Жұлдыз” вокальдық хор ансамбль және жекелеген әнші, өнерпаз оқушыларымыз ән салып, өз өнерлерін көрсетті. Ер азаматтарымыз құттықтау тілектерін айтып, керемет сыйлықтарын тарту етті.
Нәзік жанды аруларымыз, ұстаздар қауымы кештен ерекше әсер алып, ер азаматтарға алғыстарын білдірді.