17.01.2024 жылы Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебінде «Мейірім шуағы» еріктілер клубының мүшелері зейнеткер ұстаз Ирина Викторовнаның үйіне барып, қалың жауған қарды тазалауға көмектесті. Адамның айналасындағы өзге адамдарға деген ықыласы мен көмегі, адамгершілік қарым-қатынастары кісілік келбетін көріктендіріп тұрады.
Ирина Викторовна жастардың ісіне дән риза екендігін жеткізді. «Волонтерлер былтыр да көмектесті. Мені іздеп келіп, шаруаның барлығын тындырып кетті. Жастарға да, оларды осындай мейірімді етіп тәрбиелеген ата-анасына, ұстаздарына алғысымды білдіремін», – дейді ардагер ұстаз Ирина Викторовна. Қар тазалап тоңып тұрған оқушыларға ардагер ұстаз өз қолымен пісірген ыстық дәмді бәліш таратты. Осындай игі іспен айналысып, қарттарға қол ұшын созып жүрген еріктілер қоғамы асыл жандардың батасы мен алғысын алуда.
@obrazovanie_gorod_aktobe @aqtobe_bilim_basqarmasy #волонтерактобе