21.02.2024 жылы Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебінде құқықбұзушылыктың алдын алу максатында Ақтөбе облысы ПД ұйымдаскан қылмасқа қарсы күрес басқармасы бөлім бастығы полиция подполковнигі Жакупов Самат Умирзакович және аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл полиция капитаны Әлиасқарұлы Балаби оқушыларға “Отбасы - тұрмыстық құқықбұзушылықтың алдын алу туралы заңнаманы қолданудың тиімділігі” тақырыбында түсіндіру жұмысын жургізді.
Кездесу барысында құқық қорғау органдарьның кызметкерлері төмендегідей тақырытарға тереңінен тоқталды:
• Жастар арасындағы құқықтық мәдениетті калыптастыру; Мектеп кабырғасында бопсалау деректерінің алдын алу (буллинг); Нашақорлықтың (есірткі заттарын тұтыну, сату) алдын - алу;
• “Террорисік актілер туралы жалган хабарламалар таратудың алдын алу: Әлеуметтік желілерді тиімді пайдалану;
• Жол жүру ережелерін сақтауды камтамасыз ету.
Сонымен қатар бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылыктың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасьндағы қылмыстың өсуіне (зорлық-зомбылық, қорқыту, ақш талап ету) жол бермеу керек екендігін айтып өтті. Қорытындылай келе әр азаматтың міндеті-заң талаптарын бұзбау, өзіне жүктелген міндетін орындау. Заңның ең басты мақсаттарының бірі - қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайтының оқушыларымыз жақсы түсініп, бүгінгі кездесуден керемет әсер алды.