№4 жалпы білім беретін орта мектебінің 9-11 класс қыз балаларымен «Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі» тақырыбында 2024жылдың 26 қаңтарда «6 Қалалық емхана» «Жасдәурен» жастар денсаулық орталығының гинеколог дәрігері А.Ж.Отарбекованың қатысуымен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты: — Ерте жүктіліктің алдын алу. — Кәмелетке толмағандардың денсаулықтарын қорғау. — Оқушылардың бойында өзін-өзі күтудің дұрыс гигиеналық нормаларын қалыптастыру. — Әр жыныстағылардың арасында таза және шынайы қарым-қатынастар мәдениетін тәрбиелеу. Кездесу барысында әр тыңдаушы өзін толғандыратын сұрақтарына жауап ала алады, сонымен қатар өзі үшін пайдалы ақпараттар алды,ақпараттық парақтар таратылды.
@obrazovanie_gorod_aktobe2024жылдың 26 қаңтарда «6 Қалалық емхана» «Жасдәурен» жастар денсаулық орталығының гинеколог дәрігері А.Ж.Отарбекованың қатысуымен кездесу өтті