“Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебі” КММ
0
“Әкеге - ізет, анаға-құрмет” тақырыбында тренинг және “Сен жанбасаң лапылдап… Балаға мамандық таңдауға қалай көмектесуге болады” тақырыбында ата-аналарға сабақ өткізілді

Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебінде “Әкеге - ізет, анаға-құрмет” тақырыбында тренинг және “Сен жанбасаң лапылдап… Балаға мамандық таңдауға қалай көмектесуге болады” тақырыбында ата-аналарға сабақ өткізілді.

Әр отбасында әкенің рөлі ерекше. Әке - отбасының асыраушысы,отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі-баланың көз алдындағы үлгі өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл-береке, ынтымағы үшін отбасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие.

Сабақтың мақсаты:

1. Кәсіп - өзін-өзі жүзеге асырудың негізі

2. Темперамент, қабілет, мінездің ерекшеліктерін ашу – өзін көрсетудің кілті

3. Ұлы жол үйіңнің табалдырығынан басталады. Балаңызға мамандық пен кәсіп түрлерін таңдауда қалай көмектесуге болады

4. Жоғары сынып оқушысының болашағын анықтауына кедергі болатын қиындықтар

5. Бойыңдағы бейімділікті дәл табу - өмірдегі бақыт пен табыстың негізі

Тренинг барысында отбасындағы қиыншылықтарды , кедергілерді бірігіп жеңе білу мақсатында қызықты тапсырмалар берілерді

Ата-аналар мектеп психологтары мен ұстаздарға қызықты сергіту сәттері мен тапсырмалары үшін алғыстарын білдірді.