24.01.2024 жылы Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебінің оқушылары Ақтөбе қаласының 155 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып отырған есімі қаламызға белгілі Қазақстан Дизайнерлер одағының мүшесі, суретші-дизайнер Елена Игнатованың көрмесінің ашылуына қатысып, музейге экскурсия жасады.
Музей қызметкерлері оқушыларымызға картиналар көрсетіп, олардың авторлары туралы толық ақпараттар берді.
Екінші қабаттағы Рауль Мир-Хайдаровтың коллекциясынан жинақталған картиналармен таныстырды. Сонымен қатар ұлы ақын Абай Құнанбаев бейнеленген картиналарды тамашалады.
Оқушыларымыз “Өнер музейінен” керемет әсер алып, қызықты және керекті ақпараттармен бөліскен қызметкерлерге алғыстарын айтты.