Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебінде «Даналық мектебі» клубы аясында «Асыл әже, ибалы келін» сайысы өтті. Сайысқа әжелер мен келіндер қатысып, 4 кезең бойынша бақ сынасты.
⚜Сұрақ жауап
⚜көрейік тыңдайық
⚜Бұл не?
⚜Караоке
Керемет шараның басында Нұрия әжеміз шашу шашып, қоржындарға салынған сыйлықтарды таратып, “Тойбастар” дәстүрін көрсетті. Сонымен қатар жас келіндерге, оқушыларға түйенің жүнін сабау тәсілін және қазақы дастарханға қойылатын дәмді тағамдарды көрсетті.
Шарамыздың мақсаты әжелердің асыл сөздері, өнегелері арқылы халқымыздың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын бойға сіңіру, жас ұрпақты тәрбиелеу, ұлттық нақыштағы киімдерімізді насихаттау, әже тәрбиесін үлгі ету.
Сонымен қатар, бүгінгі жас келіндер арасына ежелден ұмыт болған ата-дәстүр салтымызды қайта жаңғыртып, қазақ келінінің бойынан табылуы керек игі қасиеттерді қайта жандандыру, өнер әлеміне жетелеу, ежелден қазақ келіндеріне тән әдемілік пен ізеттілік, инабаттылық сияқты асыл қасиеттерді насихаттау.
Сайыс өте тарысты және қызықты өтті. Себебі сайыс шарттарында бұрынғы салт-дәстүрлеріміз бен бүгінгі заманауи ұғымдарда үндесіп тұрды. Әжелермізде заманнан қалмағандығын және келіндердің де бұрынғы салт-дәстүрлерімізді, құрал-жабдықтарымызды жетік білетіндігін дәлелдеді. Сайыс соңында қатысушылар ән салып, көрермендер дастарханнан дәм татып, естелік суретке түсті.