“Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебі” КММ
0
М. Дулатовтың “Бақытсыз Жамал” романындағы басты мәселе әйел теңсіздігін талқылау мақсатында пікір сайыс өтті

Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебінде “Оқуға құштар мектеп” жобасы “Сүйікті кітабым” апталығы аясында “4К” дебат клубының мүшелерінің арасында қазақ әдебиетіндегі тұңғыш роман М. Дулатовтың “Бақытсыз Жамал” романындағы басты мәселе әйел теңсіздігін талқылау мақсатында пікір сайыс өтті.

Оппoзиция және үкімет спикерлері өз ойларын нақты жеткізіп, көрермен көңілінен шыға білді. Пікір сайысқа қатысқан оқушыларда тақырып бойынша өз ойларын білдірді.

Дебат тек зияткерлік ойын емес, ол – сыни ойлау дағдыларын қалыптастырып, ақпаратты дұрыс талдауға, командамен бірлесіп жұмыс істеуге, сұрақ қойып, оларға нақты жауап беруге үйрететін білім беру технологиясы.