16.01.2024 жылы Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебінде Халық қаһарманы С.Нұрмағанбетовтың 100 жылдығына орай “Ел барда, ер ұмытылмайды” атты ауған соғысының ардагерлерінің қатысуымен ерлік сабағы өтті.
Кездесу кешіміздің құрметті қонағы ретінде ауған соғысының ардагерлері Балқасынов Аслан Нұрқасымұлы, Қариев Самат Әбенұлы және мектеп директоры Тулегенов Алибек Абилкайрович қатысты. Кездесу барысында ел үшін құрбан болған батырларымызды 1 минут үнсіздікпен еске алдық.
Ұлы Отан соғысының ардагері, Халық қаһарманы, Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі С.Нұрмағанбетов туралы және “Ауған соғысы” туралы бейнеролик көрсетілді.
Ауған соғысының ардагері А.Балқасынов мырза өзінің әскерде болған қиын да қызықты кезеңдерін еске алып, отанға қызмет ету ардагер болумен шектелмейтінін, ерліктің үлкен кішісі болмайтынын айта кетті. Сонымен қатар Халық қаһарманы С.Нұрмағанбетовпен бірге түскен суреттерін көрсетіп, мектебімізге Ауған соғысы туралы жазған кітабын тарту етті.
С. Қариев мырза ер баланың бойында болу керек қасиеттерге тоқталып, жігіттерімізді намысты болуға, отанын сүюге, елге адал қызмет етуге шақырды. Әлемде орын алып жатқан жағдайлардан мысалдар келтіріп, ер азаматтардың ел үшін туылып, отанын қорғау азаматтық борышы екенін тілге тиек етті. Кездесуге қатысып отырған оқушылармыз сұрақтар қойып, белсенділік танытты.
Кездесуден ерекше әсер алған оқушыларымыз қонақтарымызға өз алғыстары мен жылы лебіздерін білдіріп, естелік суретке түсті
@obrazovanie_gorod_aktobe @bilim_basqarmasy_aqtobe #біртұтастәрбиебағдарламасыақтөбе2023