18.01.2024 жылы Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебінің оқушыларына «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ №6 Қалалық емхана жанындағы Жасдәурен жастар денсаулық орталығы жастардың бойында салауатты тамақтану дағдыларын және тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қалыптастыруды, ерте жүктілік пен суицидің алдын алуды насихаттау бағытында экскурсиялық түсіндіру жұмысын жүргізді.
Дәрігер мамандар оқушыларға қызықты тренингтер өткізіп, арнайы жаттығу залын көрсетті.
Оқушылар денсаулықтың ең басты байлық екенін түсініп, ерекше әсер алды.
@poliklinika6.aktobe @obrazovanie_gorod_aktobe @aqtobe_bilim_basqarmasy @zhas_dauren.poliklinika.6