Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебінде ата аналарға түсіндіру жұмыстары өткізілді. Ақтөбе қалалық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Ұзақбай Айшат Сейфоллақызы қазіргі таңдағы алаңдатып отырған облысымыздағы қызылша ауруының белгілеріне тоқталып, сонымен қатар облысымызда ауырып жатқан науқастардың дені 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер екенін айтып өтті. Қызылша белгілері анықталған адамның отбасы мүшелері бақылауға алынып, дәрігерлер тарапынан медициналық көмек көрсетіледі.
№6 қалалық емхананың эпидемиолог маманы Илиясова Гүлбану Амандаулетовна қызылша ауруына қарсы егілетін вакцина туралы түсіндірді. Вакцинаны ата-аналардың келісімімен ерікті түрде берілетінін айтты. Ата-аналар өздерінің көкейкесті сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан нақты жауаптар алды.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары “Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу” бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, видеороликтер көрсетіп, мектепішілік жоспар, бұйрықтармен таныстырды.
@obrazovanie_gorod_aktobe @aqtobe_bilim_basqarmasy