“Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебі” КММ
0
Жол көлік оқиғалары

Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Ақтөбе қаласы ПБ Астана ауданы №2 ҚБП жергілікті полиция қызметкері Днимов Қуандық Умирзакович оқушыларымызға жолда жүру ережелерін түсіндірді.

Жол-көлік оқиғалары – көлік құралдарының жолмен жүруі кезінде және оның қатысуымен пайда болған, адамдар қаза тапқан немесе жарақаттанған, көлік құралдары, құрылыстар, т.б. зақымданған не өзгедей материалдық зиян келтірілген оқиға.

Жол қозғалыс оқиғасы өздігінен туындамайды. Ол қозғалыс ережелерінің қандай да бір талаптарын сақтамағандықтан болады.Және ең қорқыныштысы жол қозғалысы оқиғалары кезінде балалардың қаза болуы. Бұл мәселені шешудің ең негізгі мәні ең жас жаяу жүргіншілер – балаларға жол қозғалысы ережелерін түсіндіру және үйрету.