Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебінде 14 наурыз көрісу күніне орай "Көрісу күні - Амал мерекесі " тақырыбында Абилов Ерқосай мен Байменшин Бақытқали аталарымызбен кездесу өтті.
Қонақтарымыз "Амал мерекесінің", "Наурыз мерекесінің" шығу тарихына тоқталып, тың деректермен бөлісті.
Оқушыларымыз мақал-мәтел айтып, жұмбақ шешіп, қонақтарымызға өз өнерлерін көрсетті.
Көрісу — тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс.