Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебінде “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында 4 “а” сынып оқушылары Абай Құнанбаевтың өлеңдерін жатқа оқыды.
Мектебіміздегі кітапқұмар, білімді шәкірттеріміз өздерінің оқыған қызықты ертегілердің, балаларға арналған шығармалардың мазмұнын айтып, ерекше әсер алғанын жеткізді.
Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы. Абай атамыз «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп насихаттайды. Мағыналы сөздерден кітап оқудың кез келген тұлғаны дамытудың қайнар көзі екенін түсінесің.
@obrazovanie_gorod_aktobe @aqtobe_bilim_basqarmasy #оқуғақұштармектеп