“Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебі” КММ
0
"Отаным, саған, мың алғыс" челленджі

"Отаным, саған, мың алғыс" челленджі бойынша мектебіміздің ата-анасы, Қамқоршылық кеңес мүшесі Чайкин Анатолий Анатольевичтің “1 наурыз - Алғыс айту күніне” орай қазақ еліне білдірген алғыс сұхбаты.

Алғыс айту күні – ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған күн! Бұл күн – бейбітшілік пен келісім саясатының толыққанды қалыптасқандығын көрсететін салтанатты мереке. Сонымен қатар түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі.