Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебінде синтетикалық есірткінің, нашақорлықтың алдын алу бойынша Ақтөбе облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Көшкімбаев Айбек Андызұлымен. кездесу өтті. Сонымен қатар директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары алаяқтық пен сыбайлас жемқорлық туралы да оқушыларға түсіндіру жұмысын өткізді.
Мақсаты:Өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына ішімдік, темекі, нашаның адам баласын аздыратынын, одан аулақ болу жақтарын мысалдармен дәлелдеп түсіндіру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Полиция подполковнигі Көшкімбаев Айбек Андызұлы:
- Нашақорлық - наркомания ( грек тілінен narke - мелшию және mania - ессіздік, құтырыну) - есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру. Нашақорлықтың салдарынан тек қана ішкі дүние мүшелері зақымданып қоймайды, сонымен қатар: жүрек, жүрек тамырлары, жүйке, асқорыту, эндокриндік жүйелер де зақымдалады. Нашақорлық жұқпасы ауру іспетті, бірақ онымен көбінесе өз еркімен ауырады. Нашақор адам 1 жылда кем дегенде 5 адамды осы әрекетке тартып, ауруын жұқтырады. - деп дәріс оқып, нашақорлықтың зияны туралы бейнероликтер көрсетті.
Мектеп психологы А.Жакибаева тренинг жүргізіп, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды, ұйымшылдық, ынтымақтастық қасиеттеріне баулып, есірткімен күрес жолында белсенді болуға шақырды.
Нашақорлық қоғам дерті. Ғасыр дертімен күресу керек. Дүниедегі ең қымбат нәрсе ол сенің өмірің. Сенің өмірің ол өз қолыңда.
Салауатты өмір сүрейік, спортпен айналысайық.?♀⛹️♀?♂?♂?♂
Салауатты өмір салтын ұстанайық!?♂?♂?♂?♂