Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебінің инспекторы тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Қ.Қойшыбаев, Ф.Берғалиева, бірлескен рейд жұмыстарын жүргізді.
Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылықты болдырмау және оның алдын-алу мақсатында мектеп аумағына қатысты мөлтек ауданын, Keruen City ойын-сауық орталығын, дүкен, интернет клубтарын араланды.
Рейд барысында құқықбұзушылық фактілері орын алған жоқ. Интернет клуб, дүкендерден, мектеп аумағынан кәмелет жасқа толмаған заңды өкілінің қарауынсыз көшеде жүрген жасөспірімдер анықталмады.