“Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебі” КММ
0
1 «В» класында «Қош келдің, әз - Наурыз!» тақырыбында сынып сағаты өткізілді

Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебінде Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне орай 1 «В» класында «Қош келдің, әз-Наурыз!» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз – жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам-береке бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлттық мереке.

Жүріп жатыр ерлік, ездік жарысы,

Наурыз нағыз сәулелі ойлар қонысы.

Наурыз сайын ағаш егу, гүл егу,

Әр адамның табиғаттық борышы.

Наурыз парқы – өз санаңды өсіру,

Пенделікті ізгілікке көшіру.

Өткен жылы өкпелесең біреуге

Сол өкпеңді дархандықпен кешіру.

Класс жетекшісі: Ж.Аяпова