Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебінде құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқық қорғау органының қызметкері учаскелік полиция инспекторы Д. Орынбасар мен “Әкелер кеңесінің” төреағасы Ғ. Балпашов “Құқықтық жауапкершілік. Рухани - адамгершілік тәрбие” тақырыбында ер балаларға түсіндіру жұмысын жүргізді.Кездесу барысында учаскелік полиция инспекторы Д. Орынбасар зорлық - зомбылыққа және синтетикалық есірткіге байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, адам денсаулығына зияны туралы бейнероликтер көрсетіп, синтетикалық есірткімен ұсталған жасөспірімдерге қолданылатын жаза түрлеріне тоқталды. Сонымен қатар бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу,кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне (зорлық - зомбылық, қорқыту, ақша талап ету) жол бермеу керек екендігін айтып өтті. Қорытындылай келе әр азаматтың міндеті-заң талаптарын бұзбау, өзіне жүктелген міндетін орындау. “Әкелер кеңесінің” төреағасы Ғ. Балпашов ата - ана ретінде бүгінгі таңдағы ер балалардың тәрбиесіне тоқталды. Ұл балалардың ұялы телефоннан аулақ болып, оның орнына әкесімен бірге еңбекке араласып, ептірек болып, күш жігерін шыдап, нағыз азамат болуға шақырды. «Ел болам десең,бесігіңді түзе» деп атам қазақ айтқандай, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне мән беріп, бос уақыттарында немен айналысатынына қатаң бақылау жасаса, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың төмендеуіне көп септігін тигізері анық.
