“Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебі” КММ
0
“Жасөспірім” атты рейд жұмыстары жүргізілді

16.03.2024 жылы Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Қойшыбаев, АӘТД пәні мұғалімі Ж.Оразай, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Е.Аюпов және Ақтөбе қаласы ПБ Астана аудандық N2 қалалық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторы полиция капитаны, мектеп инспекторы Мыңжасарова Рауан Мыңжасарқызымен бірлескен “ЖАСӨСПІРІМ” атты рейд жұмыстарын жүргізді.

Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылықты болдырмау және оның алдын-алу мақсатында мектеп аумағына қарасты Keruen City ойын - сауық орталығы,араланды.

Рейд барысында құқықбұзушылық фактілері орын алған жоқ.Кәмелет жасқа толмаған заңды өкілінің қарауынсыз көшеде жүрген жасөспірімдер анықталмады.Тәртіп сақшыларымен біріккен тексерістер балалардың қауіпсіздігі үшін. «Тәртіпке бағынған құл болмайды». Сондықтан жеткіншектердің түнгі уақытта жалғыз өзі жүр¬меуін ата-аналар қатаң қадағалауы тиіс. Мұндай шара өзін - өзі қорғай алатындай жағдайға жете қоймаған жас¬өспірімдерді әртүрлі заңбұзушылықтан сақтайтынын естен шығармаған жөн.