“Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебі” КММ
0
Қыз тәрбиесі мен гигиенасы

№4 жалпы білім беретін орта мектебінің 7-11 класс қыз балаларымен қыз бала тәрбиесі және ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында «Қыз тәрбиесі мен гигиенасы» тақырыбында 2024 жылдың 2 сәуірінде №6 Қалалық емхана «Жасдәурен» жастар денсаулық орталығының гинеколог дәрігері А.Ж.Отарбекова мен психолог маман Г.Қ.Абдешева және мектеп психологы А.Жакибаеваның қатысуымен бірыңғай тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Ерте жүктіліктің алдын алу. Кәмелетке толмағандардың денсаулықтарын қорғау.

Оқушылардың бойында өзін-өзі күтудің дұрыс гигиеналық нормаларын қалыптастыру.

Әр жыныстағылардың арасында таза және шынайы қарым-қатынастар мәдениетін тәрбиелеу.

Кездесу барысында оқушылар таратылған ақпараттық парақтардан қажетті ақпараттар алып, өздерін толғандыратын сұрақтарына жауап алды.