Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебінде 5 қыркүйек—Қазақстан халқы тілдері күніне арналған және қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай шара ұйымдастырылды.
Шара барысында Ахмет Байтұрсынұлы туралы тың деректер айтылып, өмір жолынан бейнематериал көрсетілді.
Оқушыларымыз тіл туралы көрнекті ақындарымыздың өлеңдерін жатқа оқып, ана тілімізге деген құрметін көрсетті.
Сонымен қатар “4К” дебат үйірмесінің қатысушыларымен “Мемлекеттік тілді құрметтеу - жастар тәрбиесінен басталады” тақырыбында пікір сайыс өтті.
Әр ұлттың өз ана тілі бар. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Әр адамның өз тіліне деген құрметін өз ұлтына, Отанына деген құрмет деп білу керек.
@obrazovanie_gorod_aktobe @bilim_basqarmasy_aqtobe
#біртұтас_тәрбие
#ұлттықмүддеқұндылығы